Ашуланшақ, ашушаң, ашуқор, шамшыл, шая, ызақор, ашуланғыш, күйгелек

lat: Ashýlanshaq, ashýshan, ashýqor, shamshyl, shaıa, yzaqor, ashýlanǵysh, kúıgelek

Тез ашуланатын, шырт етпе.

Небір ашуланшақ келіншектердің мінездері бүгін жадырап кеткен (С. Адамбеков).

Апам да ашушаң адам еді, менің арадан соққы жеп, сілейіп келгеніме бұлқан-талқан болды (А. Сарбопин).

Халфе жеңілтек, адымы қысқа, ашуқор сияқты көрінді Тоқашқа (З.Шашкин).

Есей тік мінезді, шамшыл кемпірді ашуландырып алдым ба деп қысылып қалды (Ә.Нұрпейісов).

Басқа бір ұшқалақ, қалжың түсінбейтін шая әйел болса ғой, осы жерде қып-қызыл ұрыс басталар еді (Ә.Шәріпов).

Егер бала ызақор, өзімшіл, томырық болса, бұл әдетін қойғызу үшін тереңірек текcepіп, оймен ic қылу керек (С. Көбеев).

Күнделікті өмірде тез ашуланғыш, не болса соған көңіл аударатын күйгелек адамдарды кездестіріп жүреміз (Ғ.Қайырбеков).

Ерінің coңғы жылдары тіпті күйгелек, бұрынғыдан да қатыгез халге душар болғанын Күлпаш білетін (З.Жәкенов).